Елордада 1,2 мың адам пәтерлерді аралап, дауыс беру ережесін түсіндіреді

795

Қазір Нұр-Сұлтан бойынша 304 сайлау учаскесі тіркелді. Оның 239-ы жергілікті жерлерде болса, 65-і шет елдерде, өкілдіктер, елшіліктер мен консулдықтарда орналасқан.

Елордада 1,2 мың адам пәтерлерді аралап, дауыс беру ережесін түсіндіреді

Сәуірдің 15-і мен 29-ы аралығында елордалық полицейлер, студенттер мен еріктілер аулаларды аралап, сайлаушыларға дауыс беру ережесін түсіндіретін болады. Олардың жалпы саны 1200 адамды құрайды. Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Азамат Ахметжанов таратты, деп хабарлайды Atameken Business.

"Біздің міндетіміз  – пәтерлерге кіріп, тұрғындарға қандай құқықтардың бар екенін, қайда хабарласу керектігін және олар қай сайлау учаскесіне жататынын қайдан білуге болатынын түсіндіру", – деді Азамат Ахмеджанов баспасөз мәслихатында.

Қазір Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 304 сайлау учаскесі тіркелді. Оның 239-ы жергілікті жерлерде болса, 65-і шет елдерде, өкілдіктер, елшіліктер мен консулдықтарда орналасқан. Әкімдік дерегінше қазір елордада 598 мыңнан астам сайлаушы бар. Ал қай сайлаушы қай учаскеге барып дауыс беретінін анықтау үшін Ай-Көмек бірыңғай байланыс орталығы, Смарт-Астана мобильдік қосымшасы, Телеграм әлеуметтік желісі және әкімдік сайты сынды ресурстарды пайдалануға болады.

"Жалпы қалада 600 мыңға жуық сайлаушы бар. Заң бойынша, дауыс беруге құқықтылардың нақты саны сайлауға дейін екі күннен кешіктірілмей белгілі болуы керек. Себебі тізімдерді нақтылау бойынша жұмыс сол кезге дейін жүргізіледі", – деп атап өтті әкім аппараты басшысының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу