Елордада 1 800-ден астам білім беру қызметкері коронавирусқа қарсы вакцина алды

1120

Елорда тұрғындарын коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау бойынша белсенді науқан жүргізіліп жатыр. Бірінші кезекте вакцинаны медицина қызметкерлері, педагогтар мен тәртіп сақшылары алады, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада 1 800-ден астам білім беру қызметкері коронавирусқа қарсы вакцина алды

Білім басқармасы Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, вакцинациялау науқанын, сондай-ақ вакцинациялаудың артықшылықтарын түсіндіру мақсатында онлайн-кездесулер ұйымдастырды. Zoom конференцияларынан кейін вакцина алғысы келетін мектептер тізімі жасалып, тұрғылықты жері бойынша емханаларға жіберілді. Бүгінгі таңда білім беру саласының 1880 қызметкері вакцина алды.

Енді қаланың өзге тұрғындары да КВИ вакцинасын ала алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша емханаға немесе Damumed қосымшасы арқылы өтініш беруі қажет.

Қазіргі уақытта вакцинация қауіпті вирусты жеңудің және өмірдің қалыпты жағдайына оралудың жалғыз дұрыс әдісі болып саналады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу