Елордада 1-сыныпқа құжат қабылдау сәуір айында басталады

1348

Нұр-Сұлтан қаласында 1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа баратын балалардың құжаттарын қабылдау басталады. Қала мектептері биыл 6 жасқа толатын балаларды қабылдайды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.

Елордада 1-сыныпқа құжат қабылдау сәуір айында басталады

1 қыркүйектегі жағдай бойынша толық 6 жасқа толған балалардың барлығы қабылданады. Ал биыл 1 қыркүйектен кейін 6 жасқа толған балалар ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің қалауы бойынша ғана қабылданады. Мектепке құжаттар "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электронды түрде беріледі.

Қабылдау ережелері бойынша 1-сыныпқа алдымен мектепке аумақтық қызмет көрсету бойынша өтініш берген үш үміткер қабылданады (тіркелген жері бойынша), содан кейін басқа аумақтан бір бала қабылданады.

Білім беру ұйымының құжаттарды қабылдау кезінде тізбеде көрсетілмеген құжаттарды талап етуге құқығы жоқ (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы).

Ата-аналар электрондық форматта өтініш, туу туралы куәлік, баланың медициналық паспорты және N 063/у бойынша медициналық анықтама, 2 фото тапсырады.

Мамандандырылған мектептерден бөлек барлық мектеп балаларды емтихансыз қабылдайды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу