Елордада 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды

790

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының орынбасары Бағлан Сматаева 1 тамызға дейін 1-сыныпқа құжат қабылданатынын айта келе, ерекше білімді қажет ететін балаларды қабылдау қалай жүзеге асырылатынын түсіндіріп өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды

"1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау басталып, осы жылдың 1 тамызына дейін жалғасатынын айтып кеткім келеді. Ата-аналар құжаттарын "электрондық үкімет" порталы арқылы бере алады", - дейді Білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева.

Оның айтуынша бірінші сыныпқа мынадай құжаттар қажет:

- ата-анадан өтініш;
- баланың туу туралы куәлігі;
- денсаулығы жөнінде анықтама ( № 063/у және № 026/у-3 формасы)
- баланың үште төрт фотосы екі дана.

"Ал ерекше білімді қажет ететін балаларды қабылдау ата-анасының келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы негізінде жүргізілетінін атап өткім келеді. Сондай-ақ, санитарлық нормаларды сақтай отырып, мамандандырылған білім беру ұйымдарына конкурстық іріктеу 1-20 маусым аралығында оффлайн (тестілеу) режимінде өтеді, ал өтініштерді қабылдау 1 наурыз бен 15 сәуір аралығында ережеге сәйкес сәйкес өтетінін хабарлаймыз", - дейді ведомство басшысының орынбасары.

Ал қосымша білім беру ұйымдарында оқу процесі ата-аналардың өтініштерінің негізінде 10 адамнан аспайтын кезекші топтарда сағат 09:00-18:00-ге дейін алдын ала жазылу бойынша да жалғасады.

"Жалпы білім беретін мектептер жанындағы қосымша білім беру ұйымдары филиалдарының қызметіне тыйым салынды, филиалдар тек жеке орналасқан үй-жайларда жұмысын жалғастыруда", - деді ол.

Сондай-ақ, ата-аналар барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, бірінші сыныпқа құжаттарды қағаз түрінде ұсына алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу