Елордада 10 қаңтар күні қоғамдық көліктер тегін болады

956

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көліктері 10 қаңтарда қалыпты жұмыс істейді. Бұл күні қалада қатынайтын автобустың бәрінде жол жүру тегін болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты City Transportation Systems (CTS) компаниясына сілтеме жасап.  

Елордада 10 қаңтар күні қоғамдық көліктер тегін болады

"Құрметті жолаушылар! 10 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көлігі қалыпты жұмыс істейді. Бұл күні қалада қатынайтын бағыттарда жол жүру тегін болады. Автобустар әдеттегідей таңғы сағат 6.00-ден 23.00-ге дейін жүреді. 11 қаңтарда қоғамдық көлік жұмысын жалғастырады. Төлем қолма-қол ақшасыз жасалады. Бетперде тағу режимін сақтау туралы естеріңізге саламыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге болмайды", – делінген CTS таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу