Елордада 10 мекеме жұмыс режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

804

6 шілде күні елорданың мониторингтік топтары 10 мекемеде карантин талаптары бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада 10 мекеме жұмыс режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Алматы ауданының мониторингтік топтары "Aisa" барында, "Oasis" кафесінде және "В9" компьютерлік клубында жұмыс режимі бұзылғанын анықтады.

Сондай-ақ, Сарыарқа ауданында орналасқан "Sreda" кафесі сағат 22:00-ден кейін де жұмысын тоқтатпаған. Мекеме қызметкерлері бетперде, әлеуметтік қашықтық режимін сақтамағаны белгілі болды.

Сол сияқты Байқоңыр ауданындағы "Мята" лаундж-бары да белгіленген режимді сақтаған жоқ.

Есіл ауданында жұмыс режимін бұзған тағы 5 қоғамдық тамақтану орны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың арасында "Какие люди" ресто-бары, "Мост", "Мята" мейрамханалары, "Legends pub" бары, "Woklagman" фастфуд орны бар.

Карантин талаптарын бұзғандарға қатысты материалдар тиісті шара қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу