Елордада 10 мыңға жуық жаңа бейнебақылау камералары орнатылмақ

873

"Сергек" орнатылғалы жол-көлік оқиғалары 20%-ға, қылмыс 44%-ға азайған. 

Елордада 10 мыңға жуық жаңа бейнебақылау камералары орнатылмақ

Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру басқармасының бөлім басшысы Даниял Айткеновтің айтуынша, былтыр елордада жол-көлік оқиғалары мен қылмыс айтарлықтай азайған.

"Сергек" жобасы іске асырыла бастаған 2017 жылмен салыстырғанда, 2019 жылы жол-көлік оқиғалары 20%-ға және қоғамдық орындардағы қылмыс 44%-ға төмендегені тіркеліп отыр. Бүгінгі таңда "Қауіпсіз қала" жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында бейнебақылау камералары аулаларды, әлеуметтік нысандарды, саябақ аумақтарын және т.б. бақылауға алады. Қалада 10 мыңға жуық жаңа бейнебақылау камералары орнатылады", – деді Даниял Айткенов.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу