Алдағы уақытта тағы бес пәтер дәл осы мақсатпен мемлекет меншігіне өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Астана прокурорлары тұрғын үй кешенінен он пәтерді мемлекет меншігіне өткізгенін хабарлады. Прокурорлар заңбұзушылықты мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды талдау барысында анықтап отыр.
"2022 жылдан бері құрылыс салушы көппәтерлі тұрғын үй салу және көпбалалы отбасыларға арналған 15 пәтерді уәкілетті органның балансына беру бойынша келісімшарттық міндеттемелерін орындамағаны анықталды. Тұрғын үй кешені проблемалы болды", – делінген ресми хабарламада.
Прокуратура кінәлі шенеуніктің тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын хабарлаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу