Елордада 10 жас ғалым баспаналы болды

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

Елордада 10 жас ғалым баспаналы болды Фото: АШМ

2024 жылдың 31 мамырында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдардың әлеуметтік мәртебесін көтеру туралы тапсырма берген еді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Осыдан соң жедел арнайы комиссия құрылып, Астана қаласындағы ғылыми ұйымдар мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жас ғалымдарының тізімін жасаған болатын.

– Өткен жылдан бастап ғылыми ұйым қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары артты, ғылыми тағылымдамаларға гранттар, мемлекеттік стипендиялар мен сыйлықақы, оның арасында талантты жас ғалымдар үшін стипендия беріледі. "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Заңның қабылдануы мен Президент Жарлығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің құрылуы саланың дамуына жүйелі серпін берді, – деді министр Саясат Нұрбек.

2 жыл бұрын министрлік пен "Отбасы банк" АҚ арасында жас ғалымдарға 2023-2027 жылдарға арналған жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған еді. Қазіргі күні аталған бағдарлама бойынша 483 жас ғалым жеңілдікпен баспана алып үлгерді. Ал 104 жас зерттеушіге өтеусіз негізде берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу