Елордада 100 жастан асқан қанша адам тұрады?

205

Астанада 100 жастан асқан 21 адам тұрады. 

Елордада 100 жастан асқан қанша адам тұрады? Фото: Pixabay.com

Ұлттық статистика бюросы Елорда күні қарсаңында қызықты статистиканы ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2024 жылдың 1 маусымында халық саны 1 464 415 - ке жетті, оның 696 234 - і ерлер, 768 181-і әйелдер.

2023 жылы Астанада туылған кездегі өмір сүру ұзақтығы жалпы алғанда 78,09 жасты, ерлер үшін 74,23 жасты, әйелдердікі 81,28 жасты құрады.

2023 жылы алғаш рет некеге тұрған ерлер мен әйелдердің орташа жасы ерлер үшін 28,2 жасты, әйелдер үшін 26,4 жасты құрады.

2024 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы туу коэффициенті 1000 адамға 19,50 болды.

Сонымен қатар, елордада 100 жастан асқан 21 адам тұрады, оның ішінде 15 әйел мен 6 ер адам.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу