Елордада мыңға жуық сыртқы жарнама тақтайшасы алынып тасталды

468

Астанада қаланың сыртқы келбетін бірыңғай дизайн-кодқа сәйкес келтіру жұмысы жүріп жатыр.  

Елордада мыңға жуық сыртқы жарнама тақтайшасы алынып тасталды Фото: gov.kz

Жыл басынан бері талаптарға сай келмеген мыңға жуық жарнама тақтайшасы алынып тасталды, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, бес аудан әкімдігінің қызметкерлері заңсыз және сәйкес келмейтін жарнаманың дизайн-кодын түсіндіру және алып тастау бойынша көшпелі іс-шаралар өткізуде.

Кәсіпкерлерге тиісті түсіндірулер жүргізіледі, сол сияқты дизайн-кодқа сәйкес келмейтін маңдайшаларды ауыстыру қажеттілігі туралы буклеттер беріледі.

Елорданың бірыңғай архитектуралық-көркемдік келбетіне "Астана-Жарнама" КММ жауапты, сондай-ақ мекеме қала аумағында орналасқан сыртқы жарнамаға мониторинг жүргізеді.

Жыл басынан бері ғимараттар мен құрылыстардың 161 қасбетіне тексеру жүргізілді. Нәтижесінде қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтін және Астананың бірыңғай сәулеттік келбетін бұзатын сыртқы жарнаманың 1000-ға жуық элементі алынып тасталды.

Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері белгілерінің 564 эскизі қаралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу