Елордада 123 шақырым веложол салынады

722

Жасыл белдеудің бойына да велосипед жолы төселмек.

Елордада 123 шақырым веложол салынады

Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нариман Еламанов елордада веложолдар көбейіп келе жатқанын мәлім етті. 

"Елордада игі бастамалардың саны артып келеді. Бүгінгі күнге дейін 70 шақырым веложол төселді. Жоспар бойынша 123 шақырым велосипед жолы салынады. Айта кетсем, 2020 жылы 46,4 шақырым, 2021 жылы 36 шақырым, 2022 жылы 40,7 шақырым веложол пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, жасыл белдеудің бойына да 23 шақырымдық велосипед жолы төселеді", – деді Нариман Еламанов.

Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасарының мәліметінше, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласындағы "Триотлон", "Астаналық", "Жерұйық" сынды бірқатар саябақта веложолдар бар. 

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу