Елордада 13 қыркүйек күні қоғамдық көлік жүрмейді

1089

Сенбі күні қалыпты жұмыс істейді. 

Елордада 13 қыркүйек күні қоғамдық көлік жүрмейді Фото: Максим Морозов

13 қыркүйек, яғни жексенбі күні Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Бұл күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлады CTS.

"Сенбі күні қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді. Жұмыс кестесі сағ. 23:00-ге дейін. Дүйсенбі күннен бастап, 14 қыркүйекте қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар линияға шығады",– деп жазылған компания таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке бетперде тағып кіру керек. Жол жүру ақысы тек электронды түрде төленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу