Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Зекен Исаков елордалық тұрғындарды медициналық маскамен қамту шаралары туралы ақпарат берді. Оның айтуынша кеше әкелінген 88 мың масканың бүгін 23626-сы ғана қалған.
"Бүгінгі таңда қала бойынша қалған маскалар саны – 13626. Бұл маскалар "Биосфера" дәріханалар желісінде бар. Кеше ғана "Фамация" ӘК желісі бойынша 88 мың маска келіп түскенін айтқанмын. Иә, бүгінде маска мәселесі бар. Бұл мәселе шешіліп жатыр. Сауда орындары мен адамдар көп шоғырланған жерлерді тазалауға қатысты айтсам, иелері атқаруға тиісті шаралар нақты жазылған. Ол – бірнеше мәрте дымқыл тазалық және басқа да шаралар. Департамент шаралар бойынша мониторинг жүргізіп отыр. Бұл жұмыстар біздің тарапымыздан күшейтіледі. Барлық қажетті шаралар Нұр-Сұлтан қаласында толық мөлшерде жүргізіледі", – деді маман.
Есжан Ботақара