11 қараша күні Астана қаласының полициясына жұмысшылардың жоғарғы қабаттан құлағаны туралы хабарлама келіп түскен, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz Telegram каналына сілтеме жасап.
Тәртіп сақшыларының дерегінше, тұрғын үй кешенінің 14-қабатындағы құрылыс жабдығында тұрған 2 жұмысшының жерге құлағаны анықталды.
"Алған жарақатынан құлағандардың бірі сол жерде қайтыс болды, ал екіншісі ауруханаға жатқызылды. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу