Жолды жабудың толық картасы 2ГИС сервисінде көрінетін болады.
Шектеу келесі бағыттар бойынша қойылады:
04:00-18:00 аралығында – Б.Момышұлы даңғылы бойынша Елім-ай көшесінен бастап Сарыайшық көшесіне дейін жолдың екі жолағын жартылай жабу.
04:00-18:00 аралығында Байтұрсынов көшесі бойынша – Тәуелсіздік даңғылына дейін жолдың екі жолағын жартылай жабу
04:00-11:00 аралығында Тәуелсіздік даңғылынан бастап – Нәжімеденов көшесі бойымен Қалдаяқов көшесіне дейін жартылай жабу
04:00-11:00 аралығында – Нәжімеденов көшесінен бастап одан әрі Қалдаяқов көшесі бойымен Арыс көпірі арқылы көпірдің оң жағынан Мәңгілік Ел көшесіне түсіп Достық көшесіне дейін Ақорда алдындағы алаңға оң жақ бұрылыс. Бұдан әрі алаң айналасындағы шеңбермен және Арыс көпірінің астында ОКЗ бойымен Әлихан Бөкейханов көшесіне.
04:00-11:00 аралығында – Әлихан Бөкейханов көшесі бойымен Керей-Жәнібек көшесіне дейін.
04:00-11:00 аралығында – Керей-Жәнібек көшесі бойымен 38-ші көшеге дейін жартылай жабу.
04:00-11:00 аралығында – 38-ші көше бойымен Ұлы Дала даңғылына дейін жартылай жабу.
04:00-18:00 аралығында – Ұлы Дала даңғылынан бастап Оңтүстік айналыс жолына дейін.
04:00-18:00 аралығында айналыс жол бойынша М 36 тас жолынан түскенде Қорғалжын тас жолына бұрылысқа және Нұрпейіс Байғанин көшесімен қиылыста Велотұрақтың жанында бұрылысына дейін жартылау жабу.
04:00-18:00 аралығында – Оңтүстік айналыс жолынан Ұлы Дала даңғылының оң жағында жаңа көпір арқылы Нәжімеденов көшесіне дейін
04:00-18:00 аралығында – Нәжімеденов көшесінен бастап Тәуелсіздік даңғылына дейін.