Елордада 15 кәсіпорын жұмысын қайта тоқтатты

727

4 күнде 15 кәсіпорын карантин талаптарын бұзған.

Елордада 15 кәсіпорын жұмысын қайта тоқтатты

20 сәуірден бері жұмысы жанданған елордалық кәсіпорындардың ішінде санитаарлық талапты сақтамағандары анықталып жатыр. Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің айтуынша, ондай компаниялардың жұмысы қайта тоқтатылған.

"20 сәуірден бастап жұмысқа кірісетін кәсіпорындармен санитарлық талаптарды сақтау бойынша жеке-жеке меморандум жасаған болатынбыз. Бұл аралықта 15 кәсіпорын талапты бұзғаны үшін жұмысын қайта тоқтатты. Олардың кейбірі дезинфекциялық шараларды талапқа сай жүргізбесе, кейбірі қызметкерлерін қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етпеген. Жұмысшыларды орталықтандырылған тасымалмен қамтамасыз етпегендер де болды. Осы себепті 15 кәсіпорынның жұмысын тоқтатылды", – деді Бақтияр Мәкен.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу