Елордада 15 тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды

707

Қазақстанда коронавирустан сауыққандардың саны – 24 адам, оның 16-сы – Нұр-Сұлтан қаласында.  

Елордада 15 тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды

Нұр-Сұлтанда әр түрлі тұрғын үй кешендерінің 15 кіреберісі карантинге жабылды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Короновирус жұқтырғандар стационарда. Олармен байланыста болған адамдар анықталды. Кіреберістерде дезинфекция жүргізілді. Тұрғындар үй карантинінде. Оларға үйден шығуға тыйым салынады. Басқа адамдарға да баруға болмайды.

Аумақ қоршалды. Зертханалық зерттеулер мен барлық жақын байланыста болған адамдардың деректерін өңдегеннен кейін бас санитар дәрігердің шешімі бойынша кіреберіс карантиннен алынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу