Елордада 16 қыркүйекте "Астана – таза қала" сенбілігі өтеді

1026

Жалпықалалық "Астана – таза қала"  қалалық сенбілігі күзгі экологиялық айлық аясында өтеді. Астана қаласын санитарлық тазалауға, абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталған сенбілік ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінен 4 қазанға дейін өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шараға 90 мыңға жуық адам қатысады, олардың ішінде мыңнан астам кәсіпорын мен ұйым бар, 49 жоғары және орта білім беретін білім мекемесі, 184 мектепалды және жалпы білім беру ордасы, 73 денсаулық сақтау мекемесі, 161 мемлекеттік мекеме, ведомство және ұлттық компания бар, 560 техниканы жұмылдыру жоспарлануда. Сенбілік қатысушыларына барлық тазалау құралдары беріледі.

Қала аумағында қалалық және республикалық ұйымдардың қатысуымен ағаштар мен көшеттерді отырғызу жоспарланып отыр. Қалалық басқармалардың қызметкерлері өздерінің нысан аумағында 18,5 мыңға жуық ағаш отырғызбақ.

Онымен бірге Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінің арнасын тазарту бойынша экологиялық акция өткізу жоспарлануда. Бұған студенттер, еріктілер мен әскери бөлімдердің қызметкерлерін тарту көзделіп отыр. 

Жалпықалалық "Астана – Таза қала!"  қалалық сенбілік күзгі экологиялық айлық аясында өтеді. Астана қаласын санитарлық тазалауға, абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталған сенбілік ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінен 4 қазанға дейін өтеді.

Шараға 90 мыңға жуық адам қатысады, олардың ішінде мыңнан астам кәсіпорын мен ұйым бар, 49 жоғары және орта білім беретін білім мекемесі, 184 мектепалды және жалпы білім беру ордасы, 73 денсаулық сақтау мекемесі, 161 мемлекеттік мекеме, ведомство және ұлттық компания бар, 560 техниканы жұмылдыру жоспарлануда. Сенбілік қатысушыларына барлық тазалау құралдары беріледі.

Қала аумағында қалалық және республикалық ұйымдардың қатысуымен ағаштар мен көшеттерді отырғызу жоспарланып отыр. Қалалық басқармалардың қызметкерлері өздерінің нысан аумағында 18,5 мыңға жуық ағаш отырғызбақ.

Онымен бірге Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінің арнасын тазарту бойынша экологиялық акция өткізу жоспарлануда. Бұған студенттер, еріктілер мен әскери бөлімдердің қызметкерлерін тарту көзделіп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу