Елордада 17 мың оқушыға 40 мың теңгеден бөлінеді

698

Қордың жалпы сомасы – 680 млн теңге.

Елордада 17 мың оқушыға 40 мың теңгеден бөлінеді

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы басшысы Шолпан Қадырова елордада "Жалпыға міндетті білім беру" бағдарламасы аясында материалдық жағдайы күрделі отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілетінін мәлім етті.

"Әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасылардың балаларына материалдық көмек көрсетуге бағытталған "Жалпыға міндетті білім беру" бағдарламасы басталды. Бүгінгі күнге дейін 8730 балаға көмек көрсетілді. Биылғы жылы Нұр-Сұлтан қаласында киім-кешек пен мекепке қажетті оқу құралдарын сатып алу үшін бір оқушыға 40 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлініп отыр. Жалпы 17 мыңнан астам баланы керек-жарағымен қамтамасыз етеміз деп жоспарлап отырмыз. Қордың жалпы сомасы – 680 млн теңге", – деді білім басқармасы басшысы.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу