Елордада 18 жастағы жігіт жоғалып кетті

461

Полиция мен туыстары оны таба алмай жатыр

Елордада 18 жастағы жігіт жоғалып кетті Фото: polisia.kz

Елорда маңындағы Қоянды ауылында 18 жастағы Әділет Оразбек із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылы 17 мамырда кешкі сағат 16:00 шамасында ауыл тұрғыны үйінен шығып, қайта оралмаған.

"22 мамырда Әділеттің анасы баласын өз күшімен іздеуге тырысқан. Алайда нәтиже болмағасын полицияға хабарласты. Әйелдің айтуынша, ұлы сол күні сағат 19:00-де ұялы телефон арқылы қоңырау шалып, жақын арада үйіне келетінін айтқан. Бірақ 18 жастағы жігіт сол күйі келмеген. Әділеттің қайда жүргенін анықтау үшін полиция іздестіру шараларын жүргізді. Таныстары мен достарынан сұрастырды", - деп жазылған хабарламада.

Әділет Оразбекті іздеуге ПД бөлімшелері, Целиноград аудандық ПБ жеке құрамы, Астана қаласының ПД қызметкерлері кірісті.

Тәртіп сақшылары 18 жастағы жігіттің қайда жүргені туралы ақпарат болса, дереу 102 нөміріне қоңырау шалуын сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу