Елордада 20 сәуірден бастап жалпықалалық сенбіліктер өтеді

848

Жалпықалалық сенбілікке 100 мыңнан астам адамды жұмылдыру жоспарлануда.

Елордада 20 сәуірден бастап жалпықалалық сенбіліктер өтеді

Нұр-Сұлтан қаласында 20 сәуір мен 11 мамыр аралығында "Біз – таза астана үшін" жалпықалалық сенбіліктер өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

26 наурыз бен 26 мамыр аралығында қала аумағын санитарлық тазарту, көріктендіру мен көгалдандыру бойынша "Нұр-Сұлтан – таза және қауіпсіз қала" жалпықалалық акциясы, сондай-ақ 20 сәуір мен 11 мамырда "Біз – таза астана үшін" жалпықалалық сенбіліктері өтеді.

Ал 20 сәуірде қалалық және республикалық органдар мен ұйымдардың қатысуымен - 1665 бірлік көлемінде жаппай ағаштар отырғызу жоспарлануда.

Сондай-ақ, көгалдарды тазарту, ағаштарды ағарту және қоқысты рұқсатсыз төгетін жерлерді жою жұмыстары жүргізілуде.

Жалпықалалық сенбілікке 100 мыңнан астам адамды жұмылдыру жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу