Қыс мезгілінің басталуымен және қардың мол жаууымен коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп жазады inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
1 желтоқсан күні таңертең қала көшелерінің қары мен мұзын күреуге 2000-нан астам жол жұмысшы мен 1000-ға жуық арнайы техника шықты.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.
Естеріңізге сала кетейік, синоптиктердің мәліметінше, 1 желтоқсан күні Астанада қарлы боран, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қала тұрғындары мен қонақтарын көшеде жүргенде өте мұқият болуға, көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз, делінген әкімдік таратқан хаабрламада.