"Жексенбі күні, 21 наурызда қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Қоғамдық көлік Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес бір күн жұмыс істемейді. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Басқа күндері, соның ішінде сенбі күні қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлар қалыпты жүреді",– деп жазылған компания хабарламасында.
Айта кетсек, қоғамдық көлікпен бетпердесіз жүре алмайсыз, ал жолақы қолма-қол ақшасыз төленеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу