Елордада 22 жастағы қыз 11-қабаттан секіріп кетті

857

Қайғылы оқиға 17 сәуірде Сарыарқа даңғылының бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. 

Елордада 22 жастағы қыз 11-қабаттан секіріп кетті

Нұр-Сұлтанда 22 жастағы қыз 11-қабаттан секіріп көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Таңғы сағат 8.10 шамасында "102" нөміріне Сарыарқа даңғылы бойында қыздың терезеден құлап кеткені туралы ақпарат түсті. 22 жастағы тұрғын 11-қабаттың терезесінен секіріп кеткені анықталды. Қыз оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы оқиға болған сәтте отбасы мүшелері үйде болған", - деп жазылды хабарламада.

Полиция қызметкерлері бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғады. Бүгінде тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу