Елордада 227 136 адамның медициналық сақтандыру мәртебесі жоқ

559

Қала тұрғындардың 82,6%-ы сақтандырылған. Бұл 1 075 618 адам деген сөз. 

Елордада 227 136 адамның медициналық сақтандыру мәртебесі жоқ

Нұр-Сұлтан қаласында 227 136 адамның сақтандыру мәртебесі жоқ. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елордадағы филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров онлайн-брифингте хабарлады, деп жазады inbusiness.kz

Спикер атап өткендей, бұл оларға жоспарлы және жоғары технологиялық медициналық көмекке, аурулардың алдын алуға және диагностикалауға қол жеткізуді қиындатады. 

"5 қыркүйекте енгізілген өзгерістерге сәйкес, бір жылға жарна төлеу арқылы МӘМС жүйесіне қатысудың жаңа тетігі іске қосылды. Оны ешқашан төлем жасамаған немесе жүйелі түрде төлем жасамаған азаматтар пайдалана алады. Бүгінгі күнге дейін медициналық сақтандыруға жарналарды ешқашан төлемеген немесе жүйелі түрде төлемеген, соның салдарынан сақтандыру мәртебесінен айырылған дербес төлеушілерге қалпына келтіру үшін өткізіп алған айлар үшін, тіпті өткен жылға да жарналарды төлеу қажет еді. Енді оларда балама әдіс пайда болды. Жарна аударылмаған өткен кезеңді төлемей-ақ алдағы 12 ай үшін төлем жасау арқылы сақтандырылған мәртебесін ала алады.

Естеріңізге сала кетейік, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады да, медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады", – деді ол. 

Нұрлыбек Қабдықапаров жаңа төлем механизмі бұл мәселені шешуде оң ықпал етеді деп есептейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу