Елордада 24-қабаттан секірмек болған келіншек құтқарылды

451

Байқоңыр ауданының УПП-27 учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Қуаныш Мирзаев өзіне қол жұмсамақшы болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Елордада 24-қабаттан секірмек болған келіншек құтқарылды

Полицияның "102" арнасына Уәлиханов көшесінің бойында 24-қабаттың ернеуінде әйелдің отырғаны туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына автопатруль жіберіледі.

"Осы уақытта өзінің әкімшілік учаскесінде болған инспектор Қуаныш Мирзаев оқиға туралы ести сала, уақыт жоғалтпай көрсетілген үйге жүгіріп барып, әйелдің шынында өлімге қадам жасамақ болғанын көреді. Санаулы секундта жоғарғы қабатқа көтеріліп, формасын шешіп тастайды. Техникалық қабаттың кішкентай терезесі арқылы сыртқы ернеуге көтеріледі. Арадағы қашықтық бір метрден астам болған. Білдіртпей әйелдің артынан келіп, қолынан мықтап ұстап тұрған. Келіншек қатты жылап, полицейден босап шығуға тырысқан. Осы уақытта құтқарушылар да жетеді. Олар бірге қызды терезе арқылы қауіпсіз жерге алып шықты", - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Ал, 27 жастағы қала тұрғынын мұндай әрекетке не итермелегені әзірге белгісіз. Полиция оның мән-жайын анықтауға кірісті.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу