24 тамыздан бастап қалалық бағдарларға автобус саны 49-ға, ал қала маңына қатынайтын бағдарларға 67-ге артады. Осылайша олардың жалпы саны 781 болады, деп хабарлайды CTS.
Автобустардың санын көбейту туралы шешім жолаушылар ағынын талдау негізінде қабылданған.
Қоғамдық көліктің жұмысы кешкі сағат 22:00-ге дейін жалғасады.
⠀
Жолаушыларға автобус ішіне бетпердесіз кіруге тыйым салынған. Барлық бағдарларда жолақы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу