Елордада 26 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

1225

Бастауыш сынып оқушыларының 50%-ы кезекші сыныптарда оқуға ниет білдірген.

Елордада 26 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы басшысы Шолпан Қадырова биыл елордада 1-сыныпқа 26 мыңнан астам оқушы қабылданады деп күтіліп отырғанын мәлім етті.

"Елордада 399 әр түрлі мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді. Балабақшалар кезекші топтар режимінде жұмысын қайта бастап, оларға қала бойынша 8 мыңнан астам бала барып жүр. Бұл біздің барлық тәрбиеленушілеріміздің 15%-ы. Ал мектептер туралы айтар болсақ, елордада 117 мектеп жұмыс істеп тұр. Биылғы оқу жылында жаңадан үш мектеп пайдалануға беріледі. Жалпы биыл Нұр-Сұлтан қаласындағы оқушылар саны 202 мыңнан асады деп болжап отырмыз. Ал бірінші сыныпқа 26 мыңнан астам оқушы қабылданады деп күтудеміз. Бүгінгі күні 23164 өтініш берілді", – деді білім басқармасы басшысы.

Айта кетсек, алдағы оқу жылы қашықтан оқу форматында басталады. Тек 1-4 сыныптар үшін ғана ата-аналар өтініші негізінде, балалар саны 15-тен аспайтын кезекші сыныптар жұмыс істейтін болады. Биыл елорда мектептерінің бастауыш сыныптарында 82 мыңнан астам оқушы болса, оның 50%-ы кезекші сыныптарда оқуға өтініш берген.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу