Елордада 3 көтерме орталық салынуда

573

Оған 15 млрд теңге инвестиция тартылған. 

Елордада 3 көтерме орталық салынуда

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" ММ басшысының орынбасары Гүлмира Ермолдина мәлім етті. 

"Қалада жалпы ауданы 50 мың шаршы метр болатын 3 көтерме орталық салынуда. Оған инвесторлар тартылды. Орталықтардың жалпы құны шамамен 15 млрд теңгені құрайды. Бұл жобалар 2022 жылы аяқталады деп жоспарланған", – деген спикер шаһарда жәрмеңкелер өткізу тақырыбына ойысты. 

Нұр-Сұлтан қаласында 5 қыркүйек пен 11 қазан аралығында 12 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Оған барлық ел өңірлері қатысқан. 

"Жәрмеңкелерде шаруалар 4300 тоннадан астам өнім сатты. Қазір тұрғындар сұранысы бойынша және ауа райының қолайлы болуына байланысты жәрмеңкелер қазан айының соңына дейін жалғасады", – деді Гүлмира Ермолдина.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу