Жастар саясаты мәселелері басқармасымен жастардың шығармашылық дамуына бағытталған бірнеше жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында басқарма басшысы Қайрат Қамбаров мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Басқарма басшысының айтуынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жастардың шығармашылық қабілеттері мен идеяларын қолдау туралы пункттерін орындау мақсатында келесідей жобалар өткізіледі.
"Егер жас мөлшері бойынша айтатын болсақ, балалар мен жасөспірімдерге арналған аула клубтары жұмыс істейді. Қала бойынша 26 аула клубында шамамен 3100 жас бар. Үйірмелер мен секциялар саны – 124. Оның ішінде 68-і – спорт секциясы, сол сияқты 56 шығармашылық үйірме бар: түрлі би үйірмелері, сурет салу, қолөнер, вокал және т.б.", дейді Қайрат Қамбаров.