Елордада 3 жасар баланы өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

463

Сот үкімі заңды үшіне енген жоқ. 

Елордада 3 жасар баланы өлтірген ер адам 10 жылға сотталды Фото: 365Info

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрын істі болған Т.-ға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру арқылы абайсызда баланың өліміне әкеп соққаны үшін айыптау үкімін шығарды, деп жазады inbusiness.kz қалалық соттың сайтына сілтеме жасап.

Ер адам өзімен бірге тұратын әйелдің 3 жасар баласымен жалғыз қалған кезде оған қасақана ауыр дене жарақатын келтіріп, бұл абайсызда баланың өліміне әкеп соққан. 

Медициналық куәландырудың қорытындысы бойынша сотталған Т.-ның қылмысты жасаған кезде психоактивті затты, атап айтқанда трамадолды қолдану фактісі анықталды.

Ақпаратқа сәйкес, ер адам кінәсін мойындамаған. Алайда оның қылмысқа барғаны жәбірленушінің, маманның және сарапшылардың айғақтарымен, қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Бұдан бөлек бұрын оның ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды.

“Сот үкімімен Т. ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ”, - деп хабарлады қалалық сот.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу