Ауқымды жұмыс мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасын іске асырудың аясында жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
"Биыл біздің "Интернет заттары" технологиясын қолдана отырып, 31 мың жарықшамды ауыстыру бойынша үлкен МЖӘ жобасын іске асыруды бастайтынымыз өздеріңізге мәлім. Жоба жеке компаниялар қаржысының есебінен жүзеге асырылады. Тартылатын инвестиция көлемі 3,7 млрд теңгеден асады", – деп мәлімдеді әкімдікте өткен отырыста инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Әлішер Абдықадыров.
Аталмыш жоба шығындарды 60%-ға үнемдеуге, эксплуатациялық шығындарды 3 есеге төмендетіп, жарықшамдарды пайдалану мерзімін 15 жылға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.