Елордада 30 шақты автобустың жүретін жолы өзгерді

240

Бұл туралы City Transportation Systems хабарлады. 

Елордада 30 шақты автобустың жүретін жолы өзгерді Фото: inbusiness.kz

City Transportation Systems компаниясы жөндеу жұмысына байланысты бірнеше автобустың бағдарына өзгеріс енгенін еске салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство мәліметінше, жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 3, 4, 4А, 15, 15А, 19, 30, 40, 47, 51, 56, 61, 202, 121, 10, 37, 49, 50, 51, 53, 55А, 55, 55Б, 66, 201, 302, 303, 308, 309 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерген.

Ауысқан қозғалыс сызбасымен мына сілтемеден қарап таныс бола аласыздар.

Кеше кешкісін Астана әкімдігі сондай-ақ № 2, 7, 12, 13, 26, 36, 46, 50, 53, 54, 64 маршруттар да басқа жолмен жүретінін ескерткен болатын. 

"Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - деп ескертеді City Transportation Systems баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу