Елордада 303 сайлау учаскесі тіркелді

1994

 Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 9 маусымда өтеді.

Елордада 303 сайлау учаскесі тіркелді

Елордада сайлауға дайындық тиісінше жүруде, бүгінде 303 сайлау учаскесі тіркелді, деп хабарлайды elorda.info. 

Оның ішінде ашық алаңдар – 204 (оқу орындары – 133, мәдениет мекемелері – 13, жоғары оқу орындары мен колледждер – 33, спорт мекемелері – 3, денсаулық сақтау мекемелері – 4, басқалары – 18). Жабық алаңдар – 34 (денсаулық сақтау мекемелері – 27, әскери бөлімдер – 4, қамауда ұстау – 3).

Әрбір ашық сайлау учаскесінде 4 стандартты дауыс беру кабиналары мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 1 кабина орнатылады. Жабық сайлау учаскелері екі стандартты кабинамен жабдықталады. Қажет болған жағдайда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған кабиналар орнатылады.

Әрбір сайлау учаскесінде: кандидаттар үшін, сайлау учаскесінде мінез-құлық ережелері, ақпараттық бюллетень, халықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ үшін ақпараттық стенд ілінеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуы аяқталып, тиісті сайлау комиссияларының актілеріне берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу