Елордада 33 мыңнан астам мектеп оқушысы дене тәрбиесі бойынша тестілеуден өтті

1548

Елордада 33 мыңнан астам мектеп оқушысы дене тәрбиесі бойынша тестілеуден өтті

Елорда мектептерінің 33 мыңнан астам оқушысы дене тәрбиесі бойынша тестілеуден өтті, деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында өтті. Қатысушыларды Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Берік Маржықпаев құттықтады.

"Президенттік тест – қатысушылардың оқуға дайындығы. Біздің іс-шарамыздың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау. Спорт пен қоғамдық өмірге деген сүйіспеншілік біздің ұранымыз болсын", – деді Б.Маржықпаев.

ҚР Тұңғыш Президенті тестін №14 мектеп-гимназияның оқушылары Милана Котельникова, Юлия Самохина, Амина Филиппова, № 35 орта мектептің оқушысы Диас Аблакимов, № 59 мектеп-лицейдің оқушысы Әліби Жаниязов, № 2 мектептің оқушысы Әлихан Тәжі, сондай-ақ № 44 мектептің оқушысы Богдан Гармонщиков сәтті тапсырды.

"Дайындық кезінде Президент тестін алғаш болып мен тапсырдым. Өте қиын болғанымен, біздің жаттықтырушыларымыз көмектесіп, алға ұмтылуымызға себепші болды. Мен үшін ең қиын болғаны – жүзу және ату", – дейді жеңімпаздардың бірі Юлия Самохина.

Президенттік тест қашықтықтан жүгіру, қысқа қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру, дене күші, ату, жүзу, доп және граната лақтыру, сондай-ақ шаңғымен секіру сынды спорт түрлерінен тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу