Елордада 34 қабатты үйге баспалдақпен жүгіріп шығудан жарыс өтеді

649

Елордада 34 қабатты үйге баспалдақпен жүгіріп шығудан жарыс өтеді

9 қыркүйек күні Астанада Highvill Skyrunning шарасы өтеді. Ереже бойынша қатысушылар 34 қабатты тұрғын үйдің ең биік нүктесіне баспалдақ арқылы жүгіріп шығуы тиіс, деп хабарлайды 24.kz.

Атап өтілгендей, жарыста ер азаматтармен қатар нәзік жандылар да бақ сынайды. Оқ бойы озып шыққан жеңімпаздарға қаржылай марапат табысталады. Биылғы додаға қатысуға 300-ден астам адам өтініш білдірген. Олардың қатарында елорда тұрғындарынан бөлек Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Орал және Петропавл тұрғындары бар.

Биыл ұйымдастырушылар бағдарламаны аздап қиындатқан - 34-қабатқа жүгіріп шығудан бөлек, 100 метрлік дистанция қосылды. 51-ден 60 жасқа дейінгі ерлерге арналған саңа категория да енгізілді. Және алғаш рет жарысқа қатысу ақылы болды. Түскен қаражаттың барлығы қайырымдылыққа жұмсалмақ.

"Біздің ұжым мұндай шараларға әрдайым белсенді қатысып келеді. Сондықтан биыл мен де осы додада бақ сынауға бел будым. Өз мүмкіндіктерімізді ғана тексеріп қоймай, қайырымдылық шарасы ретінде кішкентай бүлдіршіндерге көмек көрсетеміз", - деді шараға қатысушы Данияр Ахметов.

Спорттық шара елордада екінші мәрте өткізіліп жатыр. Басты мақсат - тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа деген қызығушылықты арттыру.

Алдағы уақытта бұл жарыс жаңадан бой көтерген "Хайвил Есіл" тұрғын үй кешенінде өткізілуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу