Астана қаласында 5 күннің ішінде ҚР ӘҚК-нің 437 бабы бойынша ("Тыныштықты бұзу") 35 құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы медиа орталыққа ІІД-нің жергілікті полиция қызметі хабарлады.
Ықылас құрылыс" ЖШС, "Люксор КЗ" ЖШС, "Миледи М сауда үйі" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Заңға сәйкес беймаза уақытта жөндеу жұмыстарын жүргізіп, тыныштықты бұзғаны үшін сағат 23.00.-ден таңғы 06.00.-ге дейін жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері – 5 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұл сомасы - 10 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін - 15 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 50 АЕК.
Естеріңізге сала кетейік, 22 маусымда әкімдікте түнгі уақытта құрылыс жұмыстарын жүргізуге тыйым салу жөнінде шешім қабылданған болатын. Тыныштықты бұзған жағдайда тұрғындар жергілікті полиция қызметіне немесе 109 нөмірі бойынша шағымдана алады.