Елордада 360-тан астам студент науқастарды емдейді

688

Оларға елордалық дәрігерлермен бірдей еңбек және демалыс жағдайы қарастырылған.  

Елордада 360-тан астам студент науқастарды емдейді

Елорданың медициналық оқу орындарының 360-тан астам студенті COVID-19 науқастары емделетін емханаларда жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды astana.gov.kz сайты.

Елорданың медициналық мекемелеріне 363 жас маман, оның ішінде 226 интерн, 113 резидент, 18 бакалавр, 5 магистрант және бір докторантура түлегі жұмысқа орналастырылды. Жас мамандар қалалық ауруханалар, емханалар, диспансерлер мен қалалық жедел жәрдем станциясына жұмысқа орналасады.

Қазіргі уақытта жас мамандардың 43-і қалалық жұқпалы аурулар орталығы мен "Рамада Плазадағы" провизорлық стационарда орта және кіші медицина қызметкерлері (маман сертификаты жоқ) ретінде жұмыс жасауда.

"Мен елордалық жаңа жұқпалы аурулар ауруханасында мейірбике болып істеймін. Біздің дәрігерлердің қатты күйзелгенін көріп отырмыз. Сондықтан, осы қиын күндерде біз жұмысқа шығып, коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарға көмектесудеміз. Біз дәрігерлердің басшылығымен әртүрлі процедуралық тапсырмаларды орындаймыз. Біз дәрі тамызғыш қойып, екпе жасап, науқастардың жағдайын қадағалаймыз", – дейді жас маман Жандос Насымбаев.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтанда медицина университеті мен колледжінің 200-ден астам түлегі пандемия жағдайында жұмыс істеуге оқытылды. Дәрігерлер жас әріптестерімен тәжірибелерімен бөлісті. Қазіргі уақытта олардың барлығы жұмысқа алынған және COVID-19-бен күресуге атсалысуда.

"Бүгінде барлық медицина қызметкерлері коронавирус инфекциясымен күресте алдыңғы қатарда. Жас мамандар, студенттер де шетте қалмай, біздің дәрігерлерге белсенді көмектесуде. Тәжірибелік сабақтың аясында олар коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарға көмек көрсету үшін қаланың медициналық мекемелеріне барады. Жалпы, медицина университеті мен колледжінің 500-ден астам түлегі COVID-19-бен күресуге атсалысады", – деді Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова.

Әр медицина ұйымында жас мамандарға кеңес беретін аға маман бар. Барлық мамандар қажетті жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу