Елордада 4-10 қазан аралығында қандай мәдени іс-шаралар өтеді

798

Қала әкімдігінің сайтында театр қойылымдары, корей ансамбльдері мен K-Pop орындаушыларының концерттері және өткізілетін тағы да басқа іс-шаралар туралы хабарланды, деп жазады inbusiness.kz.

Елордада 4-10 қазан аралығында қандай мәдени іс-шаралар өтеді

Бүгін сағат 15:00-де елордалық циркте акробаттардың қатысуымен "Дүниежүзілік сәулет күні" онлайн іс-шарасы өтеді.

8-10 қазан аралығында қуыршақ театрында Салаевтың "Волк и телёнок" қойылымы көрсетіледі.

"Nomad City Hall" МКҚК-да 5 және 6 қазанда Оралхан Бөкейдің "Ауыл хикаялары" спектакльдері, сондай-ақ 8 және 9 қазанда екі концерт өтеді. Алдымен Алматы қаласының мемлекеттік Республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрының қатысуымен Корей дәстүрлі мәдениетінің концерті, одан кейін Кореядан келген орындаушылардың қатысуымен қазіргі заманғы K-Pop музыкасының музыкалық кеші.

4-10 қазан аралығында "Наз" мемлекеттік би театрында "Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар" тақырыбында дәріс және Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған "Сәулелі ойдың кеніші" тақырыбында әдеби іс-шара өтеді.

М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 6-9 қазан аралығында келесі қойылымдар өтеді: А. Болдиновтың "Приключения Аистенка" ертегісі, М. Макдонахтың "Человек-подушка" қара детективі және Р. Кунидің "Смешные деньги" комедиясы.

"Жастар театрында" 5-10 қазан аралығында Б. Соқпақбаевтың "Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...", С. Астраханцевтің "Достық пен қулық" ертегісі, сонымен қатар Б. Бекжановтың "Өмір" және Н. Жақыпбайдың "Жанарымдағы жалғыз әуен" драмалары қойылды.

Іс-шаралар орталықтандырылған кітапхана жүйесінде жоспарланған. 4-7 қазан аралығында №4 бұқаралық кітапханада "Қазақстан – бейбітшілік пен келісім өлкесі" және №3 балалар кітапханасында "Өзге емес, өзім айтам өз жайымды" кітап көрмелеріне шолу жасалады. 8 қазан күні №8 балалар кітапханасында "Жизнь проживу я не зря... Поэтом Касымом я буду всегда!", ал ОҚК қызмет көрсету бөлімінде "Өзімен бірге өлмесін өлеңім деп" поэтикалық минуты. 9 қазан күні №10 бұқаралық кітапханада "Қазақ аспанында – Қасым рухы" атты әдеби подиум, ал №12 бұқаралық кітапханада "Пишу все, кроме доносов" атты виртуалды кітап көрмесі өтеді. Келесі күні №7 бұқаралық кітапханада "Ақынның ақындығы – арда ғана" атты библио-бар, №12 бұқаралық кітапханада "Стихи мое счастье и гордость моя" атты кітап көрмесін, №3 бұқаралық кітапханада "Сәулелі ойдың кеніші" атты шығармашылықты насихаттауды ұйымдастырады. Сондай-ақ №5 бұқаралық кітапханада "Борьба с коррупцией: решительные меры" кітап көрмесі, №4 балалар кітапханасында "Вредные привычки: стоит ли начинать?".

Сонымен қатар коворкинг орталығы "Замандас 21" аула клубының кітапханасында ағылшын тілі, арт-терапия, шахмат және тоғызқұмалақ үйірмелері бар.

Осы аптада Сәкен Сейфуллин музейі қорындағы құнды жәдігерлерді насихаттау және аты аңызға айналған қазақ ақыны ашқан мектептермен танысу мақсатында іс-шаралар өтеді. Видео-экскурсиялар, әдеби кештер және онлайн фотокөрмелер жоспарланған.

7-10 қазан аралығында саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешенінде келесі іс-шаралар жоспарланған: "Қазақ өнерінің саңлағы" (Досхан Жолжақсыновтың мерейтойына орайластырылған) тақырыбындағы бейнеролик, "Разве это забудешь..." көрмесі ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы қайғылы оқиғалар туралы баяндайды. Мақсаты – тоталитарлық жүйенің жазықсыз құрбандарына қатысты әділеттілікті қалпына келтіру, өскелең ұрпақтың бойында патриотизм мен адамгершілік сезімдерін қалыптастыру, мұражай қызметін танымал ету.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының халық әні бөлімінің "Назқоңыр" дәстүрлі ән кеші "Қорқыт" этно-ансамблінің және "Шалқыма" халық би ансамблінің қатысуымен 8 қазан күні "Астана" концерт залында өтеді.

"Атамекен" Қазақстан картасы" этно-мемориалдық кешені осы аптада онлайн форматта ақын, жазушы, аудармашы, сценарист, кинорежиссер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бақытжан Қанапияров, Халықаралық дәрігерлер күні, Мұқан Төлебаевтың "Біржан Сара" лирикалық-драмалық қазақ тілінде төрт қойылымдық операсының қойылғанына 75 жыл толуы, кәсіподақ күні туралы баяндайды, сондай-ақ "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында дәріс өткізеді.

8 қазан күні тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету дирекциясында "Қоғам қайраткері, этнограф Ж. Ақбаевтың 145 жылдығы" онлайн сабағы өтеді.

6 қазанда "Мәңгілік Ел" салтанат қақпасы елордалықтар мен қала қонақтарының назарына "Дүниежүзілік сәулет күні" ролигін ұсынады.

Айта кету керек, іс-шаралар санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу