Анықталғандардың бірі жыныстық құлдықта болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Іздеу-құтқару жасағының басшысы Айзада Жүсіпованың айтуынша, құлдықтағы адамдар өзі жайлы ақпарат беруге қорқады. Олармен тек камерасыз, микрофонсыз ғана тілдесуге мүмкіндік бар. Қазан айында Астана қаласында 4 құлдықта болған адам анықталса, оның бірі – әйел.
– Жоғалған адамдарды іздеу барысын бақылап отырған қоғамдық бірлестік ретінде Астанаға келген соң туыстарымен байланысы үзілген адамдардың статистикасы өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Мәселен, үш жыл бұрын осылай жоғалған адам саны 180 болса (туыстарымен байланысы үзілген саны – 130, республикалық іздеуде жүргендері – 50), бүгінде мұндай көрсеткіш 350 адамға жетіп отыр, – деді құтқару жасағының жетекшісі.
Мұнан бөлек, ерікті мұндай жағдайға тап болмас не істеу керегін айтты.