Елордада 4 құрылыс нысанының жұмысы тоқтатылды

398

Барлығы 299 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 

Елордада 4 құрылыс нысанының жұмысы тоқтатылды Фото: gov.kz

Бұл туралы "Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ басшысының орынбасары Исмагулов Ерлан мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Еңбек қатынастары жайында сөз қозғағанда бірінші кезекте жалақы мәселесі, одан кейін техникалық қауіпсіздік ақсаңдап келеді. 

Әсіресе, күннен күнге жаңа ғимараттар салынып, қарқынды өсіп келе жатқан елордада құрылыс нысандары жетерлік. Мысалы, дәл қазір 299 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 

"Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ басшысының орынбасары Исмагулов Ерлан кейбір құрылыс компаниялар тезника қауіпсіздігіне көңіл бөлмейтінін айтады. 

"Қазір елордада 299 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, солардың ішінде кейбір құрылыс компаниялары техникалық қауіпсіздік пен еңбекті қорғау санатында өрескел заңбұзушылықтар тіркелді. Ал ол өз кезегінде жұмысшылардың түрлі жарақат алуына әкеледі", — деп түсіндірді спикер. 

Сондықтан, биыл техникалық қауіпсіздік пен еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзған 4 нысанда құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Іс бойынша материалдар сотқа жіберілді. 

Жалпы жыл басынан бері Еңбек заңнамасының бұзу жөнінде 2849 өтініш қаралғанын еске саламыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу