Елордада 4 мыңнан астам күмәнді сайт бұғатталды

150

Астанада полиция қызметкерлері кибералаяқтыққа қатысы бар 48 адамды ұстап, жауаптылыққа тартты, олардың ішінде 4 шетел азаматы бар. 

Елордада 4 мыңнан астам күмәнді сайт бұғатталды Фото: canva

Астанада "Anti-fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындылары шығарылды, кибералаяқтыққа қатысты 200-ге жуық іс ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елордада интернет-алаяқтықты қоса алғанда, ақпараттық технологиялар саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы бағытталған "Anti-fraud" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Нәтижесінде полиция қызметкерлері кибералаяқтыққа қатысы бар 48 адамды ұстап, жауаптылыққа тартты, олардың ішінде 4 шетел азаматы бар. 200-ге жуық қылмыстық іс ашылды. Жәбірленушілерге 26 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды.

SIM-карталарды заңсыз тіркегені үшін 4 адам ұсталды. Олардың қолынан қылмыстық схемаларда қолданылуы жоспарланған 400-ден астам SIM-карта тәркіленді.

Сонымен қатар, 4 мыңнан астам алаяқтық интернет-ресурс бұғатталды. "Дропперлерге" қатысты 15 қылмыстық іс қозғалды. Антифрод-орталықпен бірлескен жұмыс нәтижесінде заңсыз әрекеттерде пайдаланылған 3 мыңнан астам банк шоты бұғатталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу