Елордада 4 жұмысшы кәріз құдығына құлап қайтыс болды

1057

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрды. 

Елордада 4 жұмысшы кәріз құдығына құлап қайтыс болды

Кеше Нұр-Сұлтанда жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде "Астана Су Арнасының" 4 жұмысшысы кәріз құдығына құлап, уланып қаза тапты, деп хабарлайды ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.

Жұмысшылардың құдыққа құлағаны туралы хабар пультке 16:24-те түскен.

"Оқиға орнына келген уақытта кәріз шахтасына жөндеу жүргізу жұмыстары кезінде 4 жұмысшы тереңдігі 10-12 метрлік құдыққа құлап, биогаздан уланып қалғаны белгілі болды",– делінген хабарламада.

Қайғылы жағдай Футбол федерациясына қарасты аумақта орын алған. Дәл қазір тергеу-тексеру жүріп жатыр.

ТЖ комитетінің басшысы Владимир Беккердің айтуынша жұмысқа негізінен 6 адамнан тұратын бригада тартылған екен. Құдыққа құлаған бірін құтқаруға ұмтылған екіншісі де естен танып қалыпты. Соңынан үшінші, төртінші жұмысшы да көмектесем деп жүріп, көз жұмған. Ал сыртта қалған екі адам: көлік жүргізушісі мен сантехник жедел жәрдемге хабар беріпті.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрды. Комиссияны елорданың бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу