Елордада 40 мың отбасы тегін медициналық маскамен қамтылады

971

Birgemiz қоры арқылы Қазақстанның үш қаласы – Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалалары үшін 5 млн маска сатып алынды.

Елордада 40 мың отбасы тегін медициналық маскамен қамтылады

Нұр-Сұлтанда "Біз біргеміз!" акциясы 40 мың аз қамтылған отбасы медициналық маскамен қамтамасыз етіледі. Әр жиынтықта 50 қорғаныс құралы бар, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

"Жалпы алғанда, Birgemiz қоры арқылы Қазақстанның үш қаласы – Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалалары үшін 5 млн маска сатып алынды. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына екі миллион маскадан бөлінген. Елорданың 40 мың отбасын қамту жоспарлануда. Әрбір отбасына 50 маскадан таратылады", – деді Jas Otan жетекшісі Елнұр Бейсенбаев.

Бұл бағыттағы жұмыстар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасы қолдауымен, еріктілер ұйымымен бірлесіп жүргізіледі. Барлық еріктілер арнайы қорғаныс костюмдерін киеді.

"Бүгін біз екі мың отбасына 100 мыңға жуық маска таратуды жоспарлап отырмыз. Одан әрі жұмыс карантин біткенше жалғасады", – деп атап өтті Елнұр Бейсенбаев.

Естеріңізге сала кетейік, "Біз біргеміз!" акциясы аясында 5 мыңнан астам отбасы азық-түлік себетімен және гигиена құралдарымен қамтылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу