Елордада 419 азаматқа пәтер берілді

803

Пәтерлер әлеуметтік әлсіз топтарға жататын азаматтарға берілді.

Елордада 419 азаматқа пәтер берілді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үй кезегінде тұрған 419 азаматқа пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Пәтерлер әлеуметтік әлсіз топтарға жататын азаматтарға берілді: жетім балалар, ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, көп балалы отбасылар.

Бірнеше блоктардан тұратын тұрғын үй кешені Н. Тілендиев даңғылы мен Ш. Бейсеков көшесінің қиылысында орналасқан.

"Қазір елордада жыл сайын 2 млн шаршы метрге дейін тұрғын үй салынып жатыр, 80% - дан астамы жеке инвестициялар арқылы. Тек осы үйде  400-ден астам пәтер орналасқан. Келесі жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасын орындау мақсатында қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін 3 есеге арттырамыз",– деді Алтай Көлгінов.

Осылайша, жаңа үйде балалардың қауіпсіздігі ескерілген, барлық пәтерде терезелерді бекітуге арналған құрылғылар орнатылған.

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын дамыту шеңберінде ТК салу үшін негізінен отандық өндірістің құрылыс материалдары пайдаланып, өз елімізде шығарылған лифтілер қойылды.

Қала әкімі Алтай Көлгінов көктем басталысымен аумақты абаттандыру жұмыстары басталатынын атап өтті: ағаштар отырғызылады, қосымша орындықтар, балалар тренажерлері және т. б. орнатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу