Елордада 47 жастағы ер адам мүгедек қызды зорлады деген күдікпен ұсталды

1011

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі көпқабатты үйлердің біріндегі подьезде 29 жастағы қыздың зорланғанын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Елордада 47 жастағы ер адам мүгедек қызды зорлады деген күдікпен ұсталды

Іnstagram-да тараған ақпаратта оқиғаның кеше болғаны айтылады. "Шамамен сағат 21:00 Сарайшык 5/1 көшесінде шулы оқиға болды. Куәгерлердің айтуынша, 40-50 жас шамасындағы мас адам сөйлей алмайтын қызды зорламақ болған. Оқиға орнында болғандардың айтуынша, қыз церебралды сал ауруына шалдыққан", - деп жазылған әлеуметтік желіде тараған видео туралы.

Бұл мәліметті Нұр-Сұлтан қаласы Полция департаментінің баспасөз қызметі ішінара растады.

"Полицияға үйдің 29 жастағы тұрғынын подъезде белгісіз ер адам зорлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 47 жастағы күдіктіні ұстады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп жазылған департаменттің ресми ақпаратында.

 

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу