Елордада 6 секторда қызмет ететін кәсіпорындар жұмысын жалғастырады

741

Ол кәсіпорындарға 20 сәуірден бастап жұмысын жандандыру ұсынылды.  

Елордада 6 секторда қызмет ететін кәсіпорындар жұмысын жалғастырады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Нұр-Сұлтан қаласында жұмысын қайта жандандыратын кәсіпорындар туралы мемлекеттік комиссия отырысының қорытындысын мәлімдеді.

"Нұр-Сұлтан қаласының әкімі 20 сәуірден бастап келесі секторлардағы кәсіпорындардың жұмысын жалғастыруды ұсынды. Бірінші, өндірістік және индустриялық кәсіпорындар. Екінші, құрылыс саласындағы кәсіпорындар. Үшінші, қыстан кейін жол жөндейтін, асфальт-бетон зауыттары. Төртінші, зейнетақы мен жәрдемақы беру үшін екінші деңгейдегі банктер қызмет етеді. Банктер сағат 16:00-ге дейін қысқа жұмыс кестесімен жұмыс істейді. Бесінші, жеке-қосалқы қызмет көрсетету секторының кейбір ұйымдары. Мысалы, химиялық тазалау және кір жуу ұйымдары, шиномонтаж, арнайы техникаларды жөндеу, көлік жуу станциялары. Алтыншы, қоғамдық тамақтану орындарынан тамақ жеткізу мүмкіндігін кешкі сағат 22:00-ге дейін ұзарту ұсынылады",– деп айтып өтті Дәурен Абаев.

Министрдің сөзінше, аталған кәсіпорындарда 100 мыңға жуық адам жұмысын жалғастырады. Бұл – Нұр-Сұлтан қаласындағы халықтың шамамен 20%-ы. Кәсіпорындарда санитарлық нормаларды сақтау бойынша арнайы хаттамалар дайындалалып, тұрақты түрде тексеріледі. Егер кәсіпорын ол талаптарды бұзса, қатаң шектеу шаралары қолданылады.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу