Елордада 678 адамнан үнді штамы анықталған

949

Елордада үнді штамының 678 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Елордада 678 адамнан үнді штамы анықталған

Оның айтуынша, бүгінде қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрделі.

"Маусымда тәулігіне 100-110 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, "қызыл аймақтан" шығуымыз керек болған. Алайда "дельта штамының" яғни "үнді штамына" тіркелуіне байланысты ауру жұқтырғандар саны бірден өсті. Бүгінде ("үнді штамының" - автор) 678 жағдайы тіркелді",– деді Алтай Көлгінов орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Елорда әкімі санитарлық дәрігерлер қосымша шектеулер енгізгенін, мұндай қадамға баруға мәжбүр болғанын атап өтті.

Дәурен Ерболат 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу