Елордада 8 елдің спортшылары Елбасы Кубогін сарапқа салуда

633

Турнирдің биылғы жүлде қоры 8 млн теңгені құрайды. Сол сияқты 1 орын иеленген жеңімпазға "Спорт шебері" біліктілігі беріледі.

Елордада 8 елдің спортшылары Елбасы Кубогін сарапқа салуда

Елордада қоян-қолтық ұрыстан V халықаралық Елбасы Кубогі өтіп жатыр, оған 8 елден 450 спортшы қатысуда, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Спорттық бәсеке 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай елордадағы "Жекпе-жек" сарайында өткізілуде. Оған әлемнің 8 елінен 60-тан астам команда қатысып жатыр. Атап айтқанда, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Әзербайжан, Беларусь және Моңғолия елінің өкілдері бар.

"Бүгінде қоян-қолтық ұрысы спорты ұлттық деңгейде ғана емес халықаралық аренада да танымал. Жарысқа әлемнің 8 елінен 400-ден астам спортшы қатысуда. Олардың барлығы да халықаралық сертификатқа ие. Және олардың қатарында спорт шебері мен спорт шеберіне кандидаттар бар. Сайыстың әсерге толы әрі әділ өтетініне сенімдімін. Сондай-ақ, осындай шараны ұйымдастырған халықаралық қоян-қолтық ұрысы қауымдастығына алғысымды білдіремін", – деді ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев турнирдің ашылу салтанатында.

Турнирдің биылғы жүлде қоры 8 млн теңгені құрайды. Сол сияқты 1 орын иеленген жеңімпазға "Спорт шебері" біліктілігі беріледі.

Айтулы спорттық шараны ұйымдастырушы ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық спорттық клуб болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу